Totalsportal.com порталы жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін ирландиялық Кэти Тейлор (20-0, 6 КО) мен қазақстандық Фируза Шарипова (14-2, 8 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысушылардың гонорар мөлшері туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақпарат көзінің мәліметінше, Шәріпованың кепілдендірілген сыйақысы 100 мың АҚШ долларын құрайды. Жалпы алғанда, қазақстандық боксшы жекпе-жектің PPV-трансляциясын сату бағасына сәйкес 275 мың АҚШ долларын алуы тиіс.

Тейлорға келсек, ол Шәріповамен жекпе-жектен 1 миллион АҚШ долларын алды, оның 500 мың доллары кепілдік жарна.

Тейлор - Шарипова жекпе-жегі Қазақстан уақыты бойынша 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні Ливерпульде (Англия) өтті. Жеңісті төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ирландиялық спортшы алды, ол WBA, WBC, IBF, WBO және The Ring тұжырымы бойынша әйелдер арасындағы жеңіл салмақтағы әлем чемпионы белбеулерін сақтап қалды.

Фото: 24ssports.com