Қазақстандық Роман Креч Калгариде (Канада) конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде 500 метрге жарыстың В дивизионында 10-орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Креч 500 метрді 34.844 секундта жүгіріп өтті. Қазақстандық Евгений Кошкин (35.040 секунды) 13, Иван Аржанников (35.286) 22-орын алды.

Төрт кезең қорытындысы бойынша Кошкин 17 ұпаймен 46-орында тұр. Креч 11 ұпаймен 48, Аржанников 10 ұпаймен 49-сатыда.

Фото isu.org