Бразилиялық Аманда Нуньес АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен UFC 269 турнирінде жеңіл салмақтағы әйелдер арасындағы UFC чемпиондық атағын қорғай алмады. Оның қарсыласы америкалық Джулианна Пенья басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші раундта америкалық файтер қылқындыру әдісін сәтті қолданып, жеңіске жетті.

Әйелдер арасындағы жеңіл салмақтағы жаңа UFC чемпионы үшін бұл кәсіби мансабындағы 12-ші жеңіс болды (UFC-дегі рекорды – 7 жеңіс және 2 жеңіліс). Нуньестің кәсіби рекордында қазір 21 жеңіс және 5 жеңіліс бар (соның ішінде UFC-де 14 жеңіс және 2 жеңіліс).