Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпиондары украиналық Василий Ломаченко (15-2, 11 КО) мен ганалық Ричард Комми (30-3, 27 КО) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жетінші раундта Ломаченко қарсыласын нокдаунға түсіріп, украиндық жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтағалы тұрғандай көрінді, бірақ Комми он екі раунд төтеп берді.

Жекпе-жек соңында төрешілер бірауыздан жеңісті Василий Ломаченкоға берді – 117:111, 119:108, 119:108.

Коммиден басым түскен украиналық боксшы жеңіл салмақта WBO Inter-Continental кіші чемпиондық белбеуінің иегері атанды.