Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (8-1, 14 КО) келесі жекпе-жегінің өтетін күні өзгерді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бастапқыда 30 жастағы қазақстандық Қазақстан уақыты бойынша 12 желтоқсан күні таңертең Спрингфилдте (Виржиния, АҚШ) мексикалық Хуан Хосе Мартинеспен (28-10, 20 КО) жұдырықтасуы керек еді. Дегенмен, Boxrec.com бокс статистикасы порталының мәліметінше, Жүкембаев - Мартинес жекпе-жегі бір апта кейінге шегерілді және 17 желтоқсанда (Қазақстанда жекпе-жек басталған кезде 18 желтоқсан күні таңертең болады) өтеді.

Сондай ақ, жекпе-жек Монреальдағы (Канада) Bell Center кешеніне ауыстырылды.

Батыр Жүкембаев алдыңғы жекпе-жегінде пуэрто-рикалық Сабриэль Матиасқа (17-1, 17 КО) есе жіберген болатын. Жекпе-жек Карсон қаласында (Калифорния, АҚШ) өтті.