Бүгін гандболдан әлем чемпионаты негізгі сатысында Қазақстан қыздар құрамасы Нидерланд командасымен кездеседі.

Ойын елорда уақытымен 22:50-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Нидерланды құрамасы бұдан бұрын 2016 жылы Бразилияда өткен Рио Олимпиадасында төртінші орын алды. 2019 жылы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы іріктеу сатысында С тобында сынға түсті. Қарсыластары - Норвегия, Румыния және Иран құрамалары. Норвегия мен Румынияға есе жіберіп, Иран құрамасын тізе бүктірді. Осылайша өз тобында үшінші орынмен жарыстың негізгі сатысына жолдама алды.