Алматыдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қамшыбек Қоңқабаев жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кештің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) пен Ұлыбритания өкілі Стивен Уорд (13-1, 4 КО) кездесті. Кездесу 7-ші раундта аяқталды. Осылайша, қазақстандық боксшы бірінші ауыр салмақта WBA Gold белбеуін иемденді.