ҚПЛ-ға жолдама алған «Ақсу» клубы басшыларының бірі Әлихан Лесов Prosports.kz сайтына берген сұхбатында бас бапкер қызметіне Испания маманын шақыру, футболдан табыс табу туралы айтып берді.

- Альберт Риераны шақыру тәуекелге бару емес пе? Премьер-лигада алғаш өнер көрсететін клубқа ел футболымен таныс тәжірибелі маман қажет болмай ма?

- Кез келген жаттықтырушыны шақыру - әрқашан тәуекел болмақ. Бірақ Альберт Риераға келгенде тәуекел көп деуге келмейді. «Ақсу» футболда табыс тапқысы келеді, ал Риераның танымалдылығы қосымша табыс әкелуге көмек болады.

- Демек Риераның келуі маргетингтік жол дегенге келісесіз бе?

- Бұл ғана емес.