Бүгін, 11 желтоқсанда, Алматыда МТК компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Еділ Қожамбердиев (10-2, 10 КО) UBO Inter-Continental титулы үшін өткен жекпе-жекте түркиялық Хамза Гюнешпен (6-0, 4 КО) кездесті.

Жекпе-жек 10 раундқа жоспарлған. Алайда кездесу бірінші раундта аяқталды - Қожамбердиев қарсыласын нокаутқа түсірді.

Осылайша, қазақстандық боксшы карьерасындағы 11-жеңісіне қол жеткізіп, UBO Inter-Continental титулын иеленді.