Valorant Champions 2021 турнирінің негізгі кезеңі Берлиндегі Verti Music Hall залында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Анонс концерт залының ресми сайтында жарияланды. Бұған дейін бұл аренада Valorant Champions Tour 2021: Stage 3 Masters чемпионаты өткен болатын.

Valorant Champions 2021 турнирі 1-12 желтоқсан аралығында өтеді. Жүлде қоры – 1 миллион АҚШ долларын құрайды.