Қақпашы Владимир Логиновский «Атыраудан» ресми түрде кетті, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атырау» футбол клубы және Владимир Логиновский екіжақты келісіммен ынтымақтастықты тоқтатты. Логиновский біздің командада 2018 жылдап бастап ойын көрсетіп, 55 матч өткізген.

Біз Владимирге клубта өткізген жылдары үшін рахмет айтамыз және алдағы мансабына сәттілік тілейміз! Рахмет, Володя!», - делінген клуб сайтында.