Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогінің төртінші кезеңі өтіп жатыр.

Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижесімен таныстырады.

500 метрге жарысудан А тобында сынға түскен Екатерина Айдова 15-ші орын иеленді.

500 метрге жарысудан В тобында бақ сынаған Александр Кленко 19, Иван Аржаников 22-ші сатыға тұрақтады.

3000 метрге жүгіруден В тобындағы бәсекеде Дмитрий Морозов 13-ші нәтиже көрсетті.

Ал 5000 метрге жүгіруден В тобында сынға түскен қазақстандықтар Виталий Щиголев, Максим Баклашкин және Бағдәулет Сағатов тиісінше 20,22, 26-шы орын алды.