CS:GO «Natus Vincere» командасының мергені Александр «s1mple» Костылев The Game Awards 2021 нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

2021 жылы «s1mple» HLTV.org порталынан жеті MVP медалін алды.

Номинациядағы бәсекелестері Магомед «Collapse» Халилов (Dota 2), Хо «ShowMaker» Су (League of Legends), Тайсон «TenZ» Нго (VALORANT) және Крис «Simp» Лер болды.