ҚХЛ президенті Алексей Морозов «Сарыарқа» бапкері Леонид Тамбиевтің владивостоктік «Адмиралға» кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі rsport.ria.ru сайтына сілтеме жасап.

«Сарыарқа» ҚХЛ-ға Леонид Тамбиевтің кеткеніне шағымданды ма?

— Иә, олар тәртіп комитетіне жүгінді, маған тікелей қоңырау шалды. Біз олардың өтінішін қабылдаған жоқпыз, істі қараудан бас тарттық, себебі клуб ҚХЛ құзырынан тыс. Олар бұл мәселені Тамбиевпен өздері шешті.