«Өнер барысы» жобасында республикаға танымал өнер адамдары, еліміздің мега жұлдыздары «Қазақша күрес» ережесі бойынша боз кілемде бақ сынайды.

Биыл жарыс 4 салмақ: аса жеңіл, жеңіл, ауыр, аса ауыр салмақ бойынша өтеді.

«Өнер барысы» алғаш рет 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен елордада өткен. Биыл аталмыш жоба Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығына орай 16 желтоқсан, сағат 13.00-де «Хабар» телеарнасы арқылы тікелей эфирден өтеді.