«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында «Сочиді» жеңді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Бірінші таймда «Барыс» хоккейшілері Әлихан Әсетов пен Роман Савченко мергендік танытты. Екінші кезеңде Якоб Лилья қос голдың авторы атанса, үшінші таймда Кирилл Савицкий командасының бесінші шайбасын соқты. Ал «Сочи» екі шайбамен жауап қатты.

ҚХЛ. Тұрақты чемпионаты

«Барыс» (Нұр-Сұлтан) — «Сочи» (Ресей) — 5:2 (2:1, 2:0, 1:1)

Голдар: Әсетов, 09:18. Савченко, 14:16. Лилья, 29:31, 39:08. Савицкий, 49:57 — Петьков, 04:30. Якс, 19:17.