Гандболдан Қазақстан командасы Испанияда өтіп жатқан Әлем чемпионатының негізгі айналымына шықты.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, енді қазақстандық спортшылар тағы үш матч өткізеді. Атап айтсақ, қазақстандық команда Швеция, Пуэрто-Рико және Нидерланд құрамаларына қарсы ойнайды. Кездесулер 9, 11 және 13 желтоқсанға жоспарланған.