Желтоқсанда шахматтың блиц және рапид түрінен 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтпейтін болды, деп хабарлайдыт Prosports.kz.

«Турнирдің тоқтатылуына Қазақстан үкіметі жақында енгізген, көптеген қатысушылар үшін міндетті жеті күндік карантин және жаңа ковид шектеулері себеп болды», - делінген Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) ресми Twitter парақшасында.

Қазақстан Үкіметі және Қазақстан шахмат федерациясы чемпионатты келесі жылы өткізуге дайын екендіктерін білдірді. Ал ФИДЕ шұғыл түрде турнир өткізетін жаңа орын іздеуге кірісті және аптаның соңына дейін мәлімдеме жасауға уәде берді.

Фото wallpapercave.com