Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Бернд Шторк бельгиялық «Генк» клубына жетекшілік етеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Клуб пен 58 жастағы неміс маманы арасындағы келісімшарт белгісіз мерзімге жасалған.

Жоғары лигада ойнайтын «Генк» клубы қазіргі таңда турнирлік кестеде 8-орында келе жатыр.