Жақын уақытта Испания құрамасының бұрынғы ойыншысы Альберт Риера Премьер-лиганың дебютанты «Ақсуды» тізгіндеуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz сайты.

Альберт Риера «Ақсумен» келісімшартқа қол қоюға жақын. Ол футболшы кезінде «Мальорка», «Бордо», «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Галатасарай» және т.б. клубтарда ойнаған. Испания құрамасы сапында Конфедерация кубогында қола жүлдегер атанды.

39 жастағы маман бапкерлік мансабын былтыр «Галатасарай» бас бапкерінің көмекшісі болып бастаған. «Ақсумен» келісімшартқа отырған соң төрт көмекшісімен бірге келеді деп күтілуде.