Қырғызстандық UFC файтерінің менеджері Дэниел Рубинштейн шәкірті Рафаэль Физиевтің (11-1) америкалық промоушен рейтингіндегі орнына наразылығын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.Физиев жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Кеше, 7 желтоқсанда Рафаэль жаңартылған рейтингте үш сатыға көтеріліп, ресейлік Арман Царукянды басып озды.Рафаэль Физиев қазір 11-орында. Соңғы шайқаста Физиев Жаңа Зеландия өкілі Брэд Ридделлді жеңген болатын.

«Рафаэль Физиев 11-орында - бұл әзіл ме? Сіздер оның соңғы бес кездесуінен кейін ол Чандлерден кейін алтыншы орынға лайық емес деп ойлайсыздар ма?», - деп жазды Рубинштейн Twitter парақшасында.