2021 жылы Испанияда өтетін гандболдан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы мен Иран құрамасы арасындағы кездесу алдында Қазақстан Республикасының ескі әнұраны шырқалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшылар алғашында сасып қалса да, кейін олар Қазақстанның мемлекеттік әнұранын музыкалық сүйемелдеусіз өз беттерімен орындауды ұйғарды.