Бұрынғы UFC файтері, бразилиялық Антонио Сильва Хабиб Нурмагомедовтің Eagle FC промоушенінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы MMA Fighting хабарлады.

Сильваның қарсыласы голландиялық Тайрон Спонг болады. Сильва мен Спонг Eagle FC лигасының АҚШ-тағы алғашқы турнирі аясында өтеді. Кеш 28 қаңтарға Майамиде өтеді деп жоспарланған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы, мансабын қайта жалғастыруға бел буған атақты файтер Рашад Эванс та Хабибтің лигасында өнер көрсетеді. Ол да АҚШ-тағы турнирде октагонға шығады. Эванстың қарсыласы әлі анықталған жоқ.