«Манчестер Юнайтедтің» қақпашысы Давид Де Хеа қараша айындағы команданың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Маусымның басынан бастап мен өзімді жақсы сезінемін. Әрине, бұл марапатқа өте қуаныштымын. Жанкүйерлерге рахмет», - деді Де Хеа.

Джейдон Санчо мен Криштиану Роналду да жүлдеден үміткер болды. 31 жастағы Де Хеа осы маусымда барлық турнирлерде 20 ойынға қатысып, 31 гол жіберіп алды.