Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14 КО) АҚШ-тағы екінші жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

30 жастағы отандасымыз Instagram парақшасында спарринг серіктестері - кіші Кеннет Симс (16-2-1, 5 КО) және Трой Ислимен (3-0, 2 КО) бірге түскен суретін жариялады.

«Кеннет және Троямен ауыр жаттығу жасадық», - деп жазды Батыр.

11 желтоқсанда Спрингфилд қаласында (Виржиния, АҚШ) өтетін алты раундтық кездесуде Батыр Жүкембаевтың қарсыласы 38 жастағы мексикалық Хуан Хосе Мартинес (28-10, 20 КО) болады.