Шаңғымен жарысудан Швейцарияың Давос қаласында өтетін әлем кубогы кезеңі кейінге шегерілмейді.

Коронавирустың омикрон-штамы таралған соң, турнирдің өту-өтпеуі белгісіз болып қалған. Өйткені, 29 қараша күні Люцерндегі Универсиада ойындарының өтпейтіні анықталды.

Алайда, Швейцарияның шаңғы федерациясы әлем кубогы кезеңінің жоспарлы уақытында өтетінін хабарлады.

Кубоктық кезең 12-13 желтоқсанға жоспарланған.