Швецияның «Ninjas in Pyjamas» CS:GO-ұжымы IEM Winter 2021 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда «GODSENT» командасы 2:1 есебімен жеңілді.

IEM Winter 2021 турнирі 2 желтоқсан мен 12 желтоқсан аралығында өтеді. Жалпы жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құрайды.