Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, хорватиялық қорғаушы Иван Граф «Шахтермен» 2023 жылғы маусымның соңына дейін жарамды жаңа келісімге қол қойды.

Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс хорват футболшысы «кеншілер» қатарына биылғы жылдың қаңтар айында қосылған болатын.

Қарағандылық команда сапында Граф 23 кездесу өткізіп, бір нәтижелі пас берді.