Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-5) Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC on ESPN 31 турниріне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Турнирде ол анголалық Манел Капемен (16-6) кездесті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ бірінші раундта африкалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой мансабындағы алтыншы рет жеңіліске ұшыраса, Манел Капе он жетінші жеңісіне қол жеткізді.