2024 жылғы Олимпиадаға дайындық аясында Парижде брейкингтен (брейк-данс) әлем чемпионаты өтті деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған сынға Қазақстан атынан Дәулет Анарбекұлы, Диляра Әубәкірова, Әмір Закиров және Ирина Усмановақатысқан болатын.

Петропавл қаласының тумасы Әмір Закиров жүзден аса спортшының арасында іріктеуден іркілмей өтіп, Словакия, АҚШ, Франция өкілдерін басып озды.

Жартылай финалда Әмір канадалық спортшымен жарысып, қарсыласқа жол берді.

Ал қола медаль үшін өткен жарыста Бразилия өкілі Луан Санды ұтып, әлем чемпионатында үздік үштікке енді.