Қазақстандық Екатерина Айдова конькимен жүгіру бойынша әлем кубогі кезеңінің В финалында топ жарды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Солт-Лейк-Ситиде өтіп жатқан әлемдік додада ол 500 м қашықтық бойынша сынға түсті. Нәтижесінде тиісті қашықтықты 37,558 уақытта бағындырып, В финалында үздік атанды.

Ресейлік Кристина Силаева (37,769) екінші орынға жайғасса, жапониялық Маки Цудзи (37,845) үшінші орынға ие болды.