«Астана» еурокубоктардан шеттетілгені туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Белгілі болғандай, түсінбеушілік УЕФА-дан ақпарат дұрыс аударылмауына байланысты болған және елордалық клуб мұндай қатаң жазаға ұшырамайды.

«УЕФА сайтындағы мәлімдемеде тек клубқа 150 мың еуро көлемінде айыппұл салу туралы айтылған. Мәлімдемеде «Астананың» еурокубок жарыстарынан шеттетілгені айтылмаған, УЕФА біздің клубқа қарсы мұндай санкциялар қолданбаған», - деп түсіндірді клуб.