Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің екінші турында ресейлік «Тюмень» Беларусьтің «Витэн» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Матч ресейлік команданың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Осылайша А тобында 6 ұпаймен «Тюмень» көш бастады. Ал франциялық «Аньер-Вильнев» командасымен тең түскен «Қайрат» АФК 4 ұпаймен екінші орынға жайғасты.

Енді «Қайрат» «Төрттік финалына» шығу үшін үшінші турда жексенбіде алаң иесі «Тюменьді» жеңуі қажет. Әр топтан тек жеңімпаз келесі кезеңге шығады. Сондықтан бәрі алматылықтардың қолында.