Садақ атудан Қазақстан құрамасы маусым соңында Түркістан облысында оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жылдың соңғы қорытынды жаттығу жиыны 8-24 желтоқсан арасына жоспарланған. Мергендер Түркістан облысында орналасқан "Olympic center" олимпиадалық орталығында шеберліктерін шыңдайтын болады.

Айта кетерлігі, Түркістан облысында өтетін оқу-жаттығу жиындарына ұлттық құрама сапынан 31 спортшы қатысады.