Англия чемпионатының 14-туры аясында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Арсеналды» 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы ойында «МЮ» шабуылшсы Криштиану Роналду екі гол соқты.

Португалиялық футболшы алдымен ойынының 52-минутында көзге түсті. Бұл оның мансабындағы 800-ші голы болды. Ол 70-миунтта тағы бір тура соққы бағыттап, командасын жеңіске жетеледі.

36 жастағы ойыншы 801 голдың 130-ын «Манчестер Юнайтед» (307 матч), 450-ін «Реал Мадрид» (438), 101-ін «Ювентус» (134) және бесеуін «Спортинг» (31) сапында соққан. Сонымен қатар, Роналду ұлттық құрама сапында 184 ойында 115 рет көзге түсті.

«Манчестер Юнайтед» (Манчестер) – «Арсенал» (Лондон) 3:2 (1:1)

Гол соққандар: 0:1 – Смит-Роу (16), 1:1 – Б. Фернандеш (44), 2:1 – К. Роналду (52), 2:2 – Эдегор (54), 3:2 – К. Роналду (70, пен)