K2 Promotions Ukraine бокс кешінде қазақстандық боксшы Берікбай Нұрымбетов (8-4) өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир 18 желтоқсанда өтеді, Отандасымыз бірінші орта салмақта (69,9 келіге дейін) өнер көрсететін украиналық Дмитрий Митрофановпен кездеседі.

Айта кетейік, бұл Нұрымбетов 2021 жылы 6-жекпе-жегі. Бұған дейін ол жерлесі Далер Еникеевті жеңген болатын.