Промоутер Боб Арум британиялық Тайсон Фьюри 2022 жылы қанша жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтып, келесі кездесудің болжалды күнін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің ойымша, келесі қарсылас Диллиан Уайт болады. Рингке ақпан немесе наурыз айының соңында шығып, 2022 жылы кем дегенде үш жекпе-жек өткізгенін қалаймын, бұған Тайсон да өзі де қарсы емес.

Фьюри кез келген адаммен кездесуге дайын. Оның әлемдегі ең үздік ауыр салмақтағы боксшы екеніне сенемдімін. Оның жекпе-жек өткізгісі келмейтін қарсыласы жоқ», - деп келтіреді Арумның сөзін talkSPORT.