АПЛ-дің 14-туры аясындағы «Уотфорд» пен «Челси» матчында жанкүйерлердің бірінің жүрек ұстамасы болып, кездесу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лондондық клубтың дәрігерлері жанкүйердің өмірін құтқару үшін трибунаға асықты. Дәрігер оған көмектесе алды.

Жанкүйердің жағдайы тұрақтады, оны жақын маңдағы ауруханаға алып барған.

Бұл сәтте «Уотфорд» пен «Челси» ойыншылары алаңнан кетіп қалған. Көп ұзамай матч жалғасып, лондондық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті.