Қазақстан Мадридте теннистен Дэвис кубогының ширек финалындағы Сербияға қарсы матчтың алғашқы кездесуін жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Михаил Кукушкин үш сетте Миомир Кецмановичті жеңді. Есеп: 7:6, 4:6 (5:7), 7:6 (13:11).

Кездесу 3 сағат 18 минутқа созылды.

Есеп - 1:0. Келесі болып кортқа Александр Бублик пен Новак Джокович шығады.