Норвегияның Шушен қаласында биатлоннан IBU кубогі өтуде. Аталған сынға Қазақстан командасының өкілдері де қатысып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін әйелдер арасында суперспринттен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бұл бәсекеде италиялық Линда Цингерле топ жарды.

Күміс жүлдені украиналық Ирина Петренко, қоланы ресейлік Анастасия Шевченко иеленді.

Қазақстан атынан финалда бақ сынғана Людмила Ахатова 26-шы орыннан көрінді. Ал Ксения Долгополова мен Алина Скрипкина іріктеуден өте алмады.