Ресейдегі танымал БАҚ Шәріпова - Тейлор жекпе-жегін ММА мен бокстағы маңызды кездесулер тізіміне енгізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі М13 баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Советский спорт» басылымының мәліметінше, желтоқсанда маңызды кездесу көп болады. Қызық жекпе-жектер тізіміне Альдо - Фонт, Ломаченко - Коми, Гассиев - Руденко, Головкин - Мурата кездесуі де енді.

Айта кетейік, қазақстандық Фируза Шәріпова мен ирландиялық Кэти Тейлор WBC, WBA, WBO, IBF, The Ring белбеулерін, яғни, абсолют әлем чемпионы атағын сарапқа салады. Кездесу 11 желтоқсанда Ливерпульде өтеді.