Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің промоутері Исмаил Озен-Отто титулдық жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

- Ол чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуге дайын! Бізге рейтингіде сәл көтеріліп, мүмкіндігімізді күту ғана қалды, - деді промоутер.

Айта кетейік, Гамбургте өткен бокс кешінде Жан Кособуцкий доминикандық Алексис Гарсияны жеңіп, бос тұрған WBC International Silver титулына ие болды. Бұған дейін Кособуцкий IBO Inter-Continental және WBA International ұйымының белбеулерін иеленген болатын.