Алматыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан VI ашық республикалық турнирдің финалдық жекпе-жектері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мықтылар сыналатын жарыста жеңіске жету үшін Қарулы Күштер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық ұлан, сондай-ақ еліміздің түрлі өңірлерінен келген спортшылар өз салмақ дәрежесінде бағын сынады.

Турнир жеңімпаздары: 55 келі салмақта Қорғаныс министрлігінің спортшысы Аман Шәкіртов, 60 келіге дейін, 65 келіге дейін, 75 келіге дейін, 85 келіге дейін және 90 келіден жоғары санаттарда ҚР ІІМ өкілдері – Асхат Жылысбеков, Ырысбек Байдуллаев, Айдын Төлепбаев, Асылбек Смайылов, Жеңіс Ердәулет. 70 келіге дейінгі дәрежеде Мемлекеттік күзет қызметінен Данияр Қойшыбек, 80 келіге дейін – Әуе қорғанысы к

үштерінің өкілі Жомарт Жәкетаев, 90 келіге дейін – Ұлттық қауіпсіздік комитетінен Демей Бексұлтан. Турнир квалификациялық болып табылады – жеңіске жеткен спортшыларға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы беріледі.

Жалпы командалық есепте бірінші орынды Ішкі істер министрлігінің құрамасы, екінші орынды Мемлекеттік күзет қызметінің командасы, үшінші орынды Қорғаныс министрлігінің командасы иеленді.