Америкалық boxingscene.com порталы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының Деметриус Андрадеге тиесілі WBO титулына міндетті үміткер болғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басылымының хабарлауынша, Андраде WBC титулының иегері Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізгісі келеді.

«Кейінгі жекпе-жегінде Андраде (31-0, 19 КО) 19 қарашада өткен бокс кешінде ирландиялық Джейсон Куиглиді екінші раундта нокаутқа түсірді. Жеңіліп көрмеген чемпионы келесі жекпе-жегі бұдан да үлкен болғанын қалайды. Ол WBC титулының иегері Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) немесе 29 желтоқсанға жоспарланған Риота Мурата (16-2, 13 КО) мен Геннадий Головкин (41-1-1, 35 КО) жекпе-жегінің жеңімпазымен жолыққысы келеді», - деп жазады сайт.