Талдықорғанда әртістік жүзуден Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы жарыс күні спортшылар екі жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Жеке номинацияда Карина Магрупова жеңімпаз атанды. Наргиза Болатова екінші орын алды. Үздік үштікті Жаклин Якимова түйіндеді.

Топтық сында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Қарағанды ​​облысы күміске қол жеткізді. Алматылық қыздар жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.