Лас-Вегастағы UFC on ESPN 31 турнирінде өнер көрсететін қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың (14-5) португалдық Манел Кейпке (16-6) қарсы жекпе-жегінің басталатын уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир 5 желтоқсанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 06:00-ге жоспарланған. Жеңіл салмақта бақ сынап жүрген «Жако» қатысатын жекпе-жек бастапқы кардтың сегізінші жұбы болып жарияланды. Шамамен, Жұмағұлов-Қапе шайқасы сағат 8:00-де басталады.

Турнирдің негізгі айқасында ең жеңіл салмақ өкілдері – промоушнның бұрынғы чемпионы бразилиялық Хосе Альдо (30-7) мен америкалық Роб Фонт (19-4) кездеседі.

Еске салайық, осыған дейін Жұмағұлов UFC-де үш жекпе-жек өткізіп, екеуінде ұтылып, соңғысында жеңіске жетті.