Келер жылы Дэвис кубогының форматын өзгертуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Негізгі өзгеріс финалдық кезеңге қатысушылардың санына әсер етеді. 16 команда 4 топқа бөлінеді. Әр топтың матчтары Еуропа қалаларының бірінде өтеді. Плей-офф қатысушылары Абу-Дабиде өнер көрсетеді.

Айта кетейік, қазір 2021 жылғы Дэвис кубогы өтіп жатыр. Қазіргі уақытта турнирде 7 команда қалды. Хорватия құрамасы кеше Италияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Финалға шығу үшін хорваттар Сербия – Қазақстан жұбының жеңімпазымен кездеседі.