Ресейлік Goal-Box.ru футбол-сараптамалық порталының журналисі Дмитрий Ионов РПЛ чемпионатында мәскеулік ЦСКА-ның «Зениттен» өз алаңында жеңілгеннен кейін (0:2) «Әскерилер» бастықтарынан Алексей Березуцкийді жұмыстан шығаруға шақырды. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдиновтың ойынын сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мухин, Зайнутдинов және Заболотный еңбекқор, бірақ техника мен футбол ойынан мүлдем аулақ. Олар мәскеулік ЦСКА-ның деңгейіне сәйкес келмейді. Шынын айтқанда, «Әскерилер» чемпионатымызда ең мықты құрамдардың біріне ие. Талантты Чалов, Ахметов, Кучаев және Бистровичті қосалқы құрамда отырғызу оларға теріс әсер етеді. «Әскерилер» командасының түсініксіз саудасын да ұмытпайық: маусымның басында клуб келешегі бар Марадишвили мен Тикнизянмен қоштасқан болатын», - деп есептейді автор.

Айта кетейік, РПЛ-ның ағымдағы маусымында Зайнутдинов ЦСКА сапында 12 матч өткізіп, екі гол соққан. Сондай-ақ «Тараз» тәрбиеленушісі Ресей кубогында екі матч өткізіп, оның бірінде «Зенит-Ижевск» ФК қақпасына гол соқты.

Келесі турда ЦСКА Самараның «Крылья Советов» командасына қарсы ойнайды.