Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA Super белбеуінің иегері жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) жекпе-жегінің бюджеті белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Chunichi Shimbun сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, бұл жапон боксы тарихындағы ең үлкен жекпе-жек болады.

«Кездесудің жалпы бюджеті 15 миллиард иеннен (132 миллион доллар) асады», - деп жазды басылым.

Еске салайық, Головкин - Мурата жекпе-жегі 29 желтоқсанда Токиодағы Saitama Super Arena-да өтеді деп жоспарланған. Алайда Жапония билігі елдегі карантинді күшейтіп жатыр, сондықтан кездесу өтпей қалуы мүмкін.