Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Темірлан Райымқұлов (4-1-2) бір күн бұрын АҚШ-та екінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады Prosports.kz.

30 жастағы алматылық жергілікті боксшы Карим Глэдниді (0-5) төрешілер шешімімен жеңді. Есеп – 40:35, 40:36, 40:35.

Темірлан Райымқұлов Instagram желісіндегі парақшасында 28 қараша Филадельфияда (Пенсильвания) өткен жекпе-жектің үздік сәттерінен фотосурет жариялады.